Cиноптиктер еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасады
Жарияланған күні:
Cиноптиктер ертең, 25 қарашада еліміздің он екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанды.
Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Ұлытау облысының шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде 25 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні - 15 м/с-жетеді.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыда түнде және таңертең тұман болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191701-cinoptikter-elimizding-birneshe-oblysynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhasady/