Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ азаматтық алуға қатысты алаяқтық туралы қазақстандықтарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

Желіде ішкі істер органдарында азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, тұрғындарға ескерту жасады.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда.

Бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.

"Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттартарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192109-iim-internet-alaiaqtyqqa-qatysty-qazaqstandyqtarga-eskertu-zhasady/