Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Жарияланған күні:
Өзбекстанмен шекаралас "Тәжен" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстан Республикасынан шығу үшін 400-ден астам жүк көлігінен тұратын кептеліс пайда болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі NUR.KZ тілшісіне берген мәліметінше, қазір "Тәжен" бақылау-өткізу бекетінде 400-ден астам жүк көлігі Қазақстаннан шығу үшін кезек күтіп тұр.
"Көлік ағынының артуына Өзбекстан Республикасындағы Дәуіт-Ата – Қоңырат (400 км) тасжолының ашылуы себеп болды.
Бір бағыт бойынша тәулігіне 150 жүк көлігін құрайтын өткізу пунктінің жобалық қуатына қарамастан, "Тәжендегі" қазіргі қалпына келтіру жағдайында 200-250 жүк көлігінің шығуына рұқсат етілген", - делінген хабарламада.
Тасымалдаушыларға ықтимал кідірістерді ескере отырып маршруттарды жоспарлау немесе шекарада ұзақ күту уақытын болдырмау үшін тауарларды тасымалдаудың балама жолдарын таңдау ұсынылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192190-qazaqstan-men-ozbekstan-shekarasynda-kolik-keptelisi-paida-boldy/