Алматы мен Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді
Жарияланған күні:
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы мәліметіне сәйкес, ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 45 минут Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192288-zhetisu-oblysynda-zher-silkindi/