Пойыздардың кешігуі: ҚТЖ басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында "Қазақстан темір жолы" АҚ төрағасы қазақстандықтардың пойыздардың жиі кешігуіне байланысты шағымдарына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкіметтің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратына сәйкес, премьер-министр Олжас Бектенов соңғы кездері тұрғындардан пойыздың кешігуіне қатысты шағымдар жиі түсетінін айтты. Ол ұлттық тасымалдаушының бұл мәселені қалай шешетінін сұрады.
"Бұл мәселе біздің компанияның ерекше бақылауында. Бұл жағдай жол жөндеу жұмыстарымен және жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары жол жөндеу жұмыстарын екі есе көбейттік. Жолаушылардан кешірім сұрап, түсіністікпен қарауларын сұраймыз", - деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтау тұрғындары пойыз билетінің бір жылда екі есе қымбаттағанын айтып, мұның себебін білгілі келген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жағдайға қатысты түсініктеме берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192712-poiyzdardyng-keshigui-qtzh-basshysy-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/