Қарағандыда рецидивист тергеу изоляторының қызметкеріне шабуыл жасады
Жарияланған күні:
Қарағандыға ауыстырылған рецидивист тергеу изоляторының қызметкеріне шабуыл жасады. Сотталушыны арнайы құралдардың көмегімен ғана тыныштандыру мүмкін болды, деп хабарлайды Қазыбек би аудандық сотының үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Іс материалдарынан тергеу изоляторының қызметкеріне шабуыл осы жылдың тамызында жасалғаны белгілі болды. Этаппен келген 36 жастағы рецидивист сақалын қырудан бас тартқан, сол үшін оны қызметкерлер тәртіптік изоляторға қамаймыз деп қорқытқан. Бұған жауап ретінде ол режим және қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасарының жақ тұсынан жұдырықпен ұрып, кейін қылғындыра бастаған.
Арнайы құралдардың көмегімен ғана сотталушыны тыныштандыру мүмкін болған.
Сотталғанға қатысты қылмыстық іс Қазыбекби аудандық сотында қаралды.
Оның әртүрлі айыптар бойынша бірнеше рет сотталғаны анықталды. Соңғы рет ол терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өткеріп жатқан.
Жазаның өтелмеген 17 жылы қалған. Енді бұл мерзімге тергеу изоляторының қызметкеріне күш қолданғаны үшін тағы 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қосылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192769-qaragandyda-retsidivist-tergeu-izoliatorynyng-qyzmetkerine-shabuyl-zhasady/