Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқас қыздарды қорлады деген күдікке ілінген психикалық денсаулық орталығы қызметкерлері жұмыстан шеттетілді

Жарияланған күні:

психикалық денсаулық орталығы
Психикалық денсаулық орталығы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Науқас қыздарға зорлық жасады деген күдікке ілінген Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы мекеме басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте орналасқан Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы өкілдерінің айтуынша, оларға қатысты қызметтік тексеріс те жүргізілген. Алайда ол полиция тергеуі басталған соң уақытша тоқтатылыпты.

Мекеме басшылығы қос маманның жұмыстан шеттетілуі де уақытша дейді. Олардың қызметке қайта келуі де әбден мүмкін. Бәрі де құзырлы орган өкілдерінің сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ.

"Арнайы шағым түскен жоқ. Ішкі тәртіп бойынша өз тарабымыздан қызметтік тексеру жүргізілді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тексеру жүріп жатқаннан кейін әзірге тоқтатып отырмыз. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің шешімі шыққаннан кейін толық ақпарат беріледі. Қызметкерлер тергеу жүргізілуіне байланысты уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығының бас дәрігер орынбасары Бағдат Идияев.

Еске салайық, бұған дейін екі бірдей ана Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында қыздарымыз зорланды деп, жанайқайын жеткізген болатын. Кәмелет жасына толмаған олардың біреуі жүкті болғанын айтылды. Оқиға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Автор: Назерке Еркінбекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193936-nauqas-qyzdardy-qorlady-degen-kudikke-ilingen-psihikalyq-densaulyq-ortalygy-qyzmetkerleri-zhumystan-shettetildi/