Тұман мен көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайты хабарлайды.
2 желтоқсанда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі.
Ал Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтілсе, Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
2-3 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады.
Ертең Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ал түнде Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
2 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Сондай-ақ Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал.
Астана қаласында 2 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оның екпіні 15-20 м/с болады.
2 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, ал түнде және таңертең Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194784-tuman-men-koktaigaq-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/