Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы Шерзат Болат өлімі: полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Талғар ПБ

Талғар ауданы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы болып Айдар Умаров тағайындалды. Бұл туралы аудандық ПБ Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Абдікерімұлы Умаров тағайындалды", - делінген хабарда.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат аяусыз соққыдан қаза тауып, кейін оның отбасының үйі өртенген болатын. Бұл оқиға қазақстандықтар арасында резонанс туғызды.

Осыдан кейін Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды.

Сондай-ақ қала әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев, Алматы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров, Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Нұржан Күнтүнов қызметінен басатылды.

Айта кетсек, бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Нұржан Абдалимов тағайындалған еді.

Сонымен қатар Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымақұлы Байбатыров тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195072-talgardagy-sherzat-bolat-olimi-politsiia-basqarmasy-bastygynyng-mindetin-atqarushy-tagaiyndaldy/