Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында тұрғындардан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Жарияланған күні:

Қызылорда облысында 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Қызылорда облысында 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленіп, оны сатумен айналысқан азаматтар ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады.

Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте полиция арыстан абданын сатпақ болған азамат ұсталған болатын.

Жыл басындв Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600-гее жуық киік мүйізі тәркіленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195108-qyzylorda-oblysynda-turgyndardan-2-myngnan-astam-kiik-muiizi-tarkilendi/