Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтарды қабылдау орталығында" жанжал шығарған астаналық қамауға алынды

Жарияланған күні:

Балға ұстап тұрған судья
Судья балғасы. Көрнекі фото: Daniel Tadevosyan / Getty Images

Әкімшілік қамауға алынған Астана тұрғыны "әрекетке қабілетсіз бала тәрбиелеп отырмын" деп жалған ақпарат берген. Ұсақ бұзақылық жасаған елордалықтың ісі апелляциялық сатыда қайта қаралды, деп хабарлайды қалалық соттардың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Істің мән-жайына сәйкес Д. Астана қаласының "Азаматтарды қабылдау орталығында" жанжал шығарып, қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіріп, полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiрген.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Ол аталған қаулымен келіспей, апелляциялық шағым келтіріп, қарауында әрекетке қабілетсіз баласы бар екенін көрсете отырып сот актісін өзгертуді сұрады.

Істі апелляциялық сатыда қарау барысында қарауында әрекетке қабілетсіз баланың бар екендігіне қатысты факт расталмады.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 50-бабында көзделген қамаққа алуға кедерлі келтіретін жағдайлар анықталмады (онда жүктi әйелдерге және 14 жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ 58 жастан асқан әйелдерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды деп көрсетілген).

Осыған байланысты апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195258-azamattardy-qabyldau-ortalygynda-zhanzhal-shygargan-astanalyq-qamauga-alyndy/