Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мемлекеттік тіркеуден өтпеген нысандарға қатысты талдау жасалды

Жарияланған күні:

Шымкенттегі аппараттық мәжіліс
Шымкенттегі аппараттық мәжіліс. Фото: gov.kz

Бүгін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, индустриалдық аймақтардың экологиялық ахуалын бақылауда атқарылған шаралар мен мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты талдаулар жасалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Отырыста медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы П.Бердалиев тақырып аясында баяндама жасап, осы бағытағы өзекті мәселелерді баяндады.

Бұл ретте қала әкімі мүдделі тараптарға дәрілік заттардың босатылуындағы келеңсіздіктерді жоюда тиісті шараларды күшейтуді тапсырды.

Ал Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Айта кетейік, 2018-2024 жылдары аралығында 479 нысанның құрылысы аяқталған, оның ішінде 334 нысанның құжаттары ресімделіп мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті мекеменің теңгеріміне берілген. Ғабит Әбдімәжитұлы сала басшыларына мәселелерді заң шеңберінде қарастырып, бұл ретте әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды. 

Сондай-ақ мәжіліс барысында өндіріс орындарының экологиялық проблемалары да жан-жақты талқыланды. Қала басшысы жауаптыларға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға кері әсер ететін жағдайларға жол беретін кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды тапсырды. Өндірістік қалдықтарды қабылдайтын полигон салу бойынша тиімді ұсыныстар жасау тапсырылды.

Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап, аудан әкімдеріне арнайы техникалардың дайындығын қамтамасыз етуді ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195268-shymkentte-memlekettik-tirkeuden-otpegen-nysandarga-qatysty-taldau-zhasaldy/