Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жыл соңына дейін 22,8 шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілмек

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма мәліметінше, биыл автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары 58,4 шақырымдық 18 нысанда жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22,8 шақырым автомобиль жолы пайдалануға беріледі.

Орташа жөндеу жұмыстары бойынша:

  • 378 көшенің 251,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді;
  • 287 көшеде 190,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріледі.

Жыл соңында қала аумағында 453 көшеде, жалпы ұзындығы 286,9 шақырым жолда құрылыс, орташа жөндеу және тегістеу жұмыстары аяқталады. Жолдарды жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195273-shymkentte-zhyl-songyna-deiin-22-8-shaqyrym-avtomobil-zholy-paidalanuga-berilmek/