Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры және екі шенеунік сотталды
Жарияланған күні:
Жетісу облысында "Алакөл мемлекеттік қорығы" РММ директоры, оның орынбасары және бөлім басшысы сотталды. Бұл жөнінде Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Жетісу облысында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алакөл мемлекеттік қорығы" РММ директоры Қ. Әбілқасымов, оның орынбасары Н. Бейсенов және бөлім басшысы Р. Шалапанов сотталған.
"Олар қызмет көрсетілетін аумақта заңсыз шөп шабу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жергілікті тұрғындардан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Абылқасымов пен Шалапановтың әрқайсысына 10,5 млн теңге, ал Бейсеновке 15,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Осы үкіммен, Антикор өкілдерінің мәлімдеуінше, Алакөл ауданының тұрғындары О. Булгунчинов мен К. Канагатовқа осы лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін сәйкесінше 6 млн теңге және 2,2 млн теңге айыппұл салынған.
"Сонымен қатар сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынады.
Сот үкімі заңды күшіне енді", - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері.
Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195661-alakol-memlekettik-tabigi-qorygynyng-direktory-sottaldy/