Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыстан босатылды": СҚО басшысы мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған ауыл әкімі туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шенеунік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқанда ұсталған Бескөл ауылы әкімі туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сот шешімін талқылауға құқығым жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, бүгінгі тәжірибе мынадай: адамдарға тікелей қауіп төндіретін көлікті мас күйінде басқару сияқты жағдайлар анықталғанда, жергілікті атқарушы органдар қызметтен босатуды ұсынады.

Сондықтан бұл адам бүгін әкім қызметінен босатылды. Оған мән-жай түсіндірілді, ол өз еркімен арыз жазды", - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Айта кетейік, бүған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Возвышен ауылдық округінің әкімі мас күйінде рульге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сонымен қатар Қарағанды облысында алкогольге мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған ауыл әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүргізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196126-zhumystan-bosatyldy-sqo-basshysy-mas-kuiinde-kolik-zhurgizip-ustalgan-auyl-akimi-turaly-aitty/