Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минутқа тоқтаған науқасты аман алып қалды
Жарияланған күні:
Шымкентте реаниматолог-дәрігерлер 40 жастағы науқастың өміріне араша түсті. Гиповолемиялдық шок алған бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын тұрғын қалалық №2 ауруханасына өте ауыр халде жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, жүрегі тоқтап қалған науқас шұғыл жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер жедел түрде реанимациялық шараларды жасағаннан кейін жүрегі қайта соға бастаған. Мамандар оған бірден жасанды демалдыру аппаратын қосқан.
"Мұндай жағдай тек кәсіби дағдыны ғана емес, психологиялық тұрақтылықты да талап етеді. Дәрігерлердің жедел әрекеттерінен кейін науқастың жағдайы тұрақталып, тиісті ем-шаралардан соң үйге шығарылды",- дейді қалалық №2 ауруханасының дәрігер рениматологы Жасур Мухитдинұлы.
Айта кетейік, бес күн нефрология бөлімінде емделген науқастың жағдайы қазір жақсы. Өміріне араша түскен мамандарға алғысы зор.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196143-shymkenttik-darigerler-zhuregi-10-minutqa-toqtagan-nauqasty-aman-alyp-qaldy/