Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғындар шағымынан кейін "Алма-Арасан" аумағы жаңартылатын болды

Жарияланған күні:

Алматы таулары
Алматы таулары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының ең көрнекті нысандарының бірі "Алма-Арасан" радон көзін реконструкциялау жоспарлануда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық мәслихатқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселе Алматы мәслихатының алдағы сессиясында талқыланбақ. Мәліметтерге сәйкес, қазіргі инфрақұрылымның тозуы мен қолайсыздықтардан туындаған тұрғындардың арыз-шағымдары реконструкциялау шешіміне себеп болған.

"Радон көзінің инфрақұрылымы соңғы рет 2019 жылы жөнделді. Алайда қазіргі стандарттарға сай келу үшін кешенді жаңарту қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен абаттандыру жобасы инфрақұрылым нысандарын толық реконструкциялауды көздейді.

"Негізгі іс-шаралардың қатарында қауіпсіз сырғанауға қарсы кедергілері бар жаңа көпірлер орнату, жол желісін және жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңарту бар. Ең қауіпті учаскелерде қоршаулары бар баспалдақтар орнатылады, сондай-ақ зақымдалған элементтерді күшейту және ауыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар барлық учаскелердің палубасы болат тордан жасалады – жазда да, қыста да қауіпсіздік сақталады", - делінген материалда.

Сонымен қатар жоба туристерге рельефті бағдарлауға көмектесетін, сондай-ақ радон көзінің емдік қасиеттерімен таныстыратын жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.

Жоба аясында туристер үшін арнайы ақпараттық стендтер мен көрсеткіштер орнату жоспарланған. Бұл стендтер аумақтың рельефі туралы ақпарат беріп, радон көзінің емдік қасиеттерін түсіндіруге көмектеседі.

"Алма-Арасан" аумағын жаңарту Алматы тұрғындары мен туристерге табиғат аясында қауіпсіз және жайлы демалу мүмкіндігін ұсынуға бағытталған", - делінген сайттағы ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196189-almatyda-turgyndar-shagymynan-keiin-alma-arasan-aumagy-zhangartylatyn-boldy/