Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының әкімі денсаулық сақтау басқармасын сынға алды

Жарияланған күні:

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысы әкімдігінде денсаулық сақтау саласы жұмысының алдын ала қорытындылары қаралды. Өңір басшысы Асайын Байханов денсаулық сақтау басқармасын сынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, биыл 10 айда өңірде бала туу, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының, жол-көлік оқиғалары кезіндегі жазатайым оқиғалардың теріс динамикасы байқалады.

Жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасын ғана емес, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша идеологиялық жұмысты да сынға алып, анықталған ауруды емдеу емес, оның алдын алу ең жақсы тәжірибе екенін атап өтті.

Республикалық маңызы бар жолдардың ұзақтығын ескере отырып, жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлімді азайту үшін өңір басшысы Ақсу-Курчатов, Тереңкөл-Железин бағытындағы республикалық жолдардың бойында тәулік бойы қосымша шұғыл медициналық қызмет бекеттерін ашуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196197-pavlodar-oblysynyng-akimi-densaulyq-saqtau-basqarmasyn-synga-aldy/