Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік өкілі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу ұсынысына пікір білдірді

Жарияланған күні:

Отбасы мүшелері
Отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еділ Оспан бүгінде Қазақстанда 6,8 миллион бала тұратынын хабарлады. Журналистер оның бұл ұсынысқа көзқарасын сұрап, "бұл тек ұсыныс па, әлде заңнамаға енгізілетін өзгеріс пе?" деген сауал қойды.

"Иә, балаларды үйде жалғыз қалдырмау туралы ұсыныс көтерілді. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі өте маңызды. Алайда мұндай бастамаларды қарастырмас бұрын ата-аналар қауымының, мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тараптардың пікірін ескеру қажет", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс заң жобасы түрінде ресімделсе, бірден талқылаулар басталады.

"Жауапкершілік туралы шешім талқылау барысында қоғамның және құзырлы органдардың пікірлері негізінде анықталады", - деп түйіндеді Еділ Оспан.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осыған дейін өзінің Instagram парақшасында Ақмола облысындағы қайғылы жағдай туралы жазған болатын. Шұбарағаш ауылында екі бала өрттен қаза тапты.

Зәкиева 2024 жылдың басынан бері балалардың өмірін қиған 15 өрт оқиғасы тіркелгенін, көп жағдайда балалардың үйде қараусыз қалғанын атап өтті. Осыған байланысты ол 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салу туралы заңнамалық шараларды әзірлеуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196218-ministrlik-qazaqstandyqtardyng-balalaryn-uide-zhalgyz-qaldyruyna-tyiym-salu-usynysyna-pikir-bildirdi/