Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында киік етін 35 мың теңгеден сатқан

Жарияланған күні:

киік
Киік. Көрнекі фото: facebook.com/EcologyofKazakhstan/

Ақтөбеде полицейлер киіктерді заңсыз аулау дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары киік еті тиелген көлікті тоқтатып, үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайты ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2 желтоқсанда Ақтөбе қаласында "Ақбөкен" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері "ВАЗ" автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан екі қапқа салынған ақбөкен өлексесі табылды.

Кейін Шалқар қаласында жедел тергеу шаралары кезінде гаражда ақбөкен етін бөлшектеп жатқан үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Тексеру нәтижесінде күдіктілердің бірінің гаражынан сегіз ақбөкен өлексесі мен алты мүйіз, сондай-ақ "УАЗ" көлігінен тағы бір өлген киік табылғаны белгілі болды.

"Күдіктілердің екеуі ашық далада жайылып жүрген ақбөкендерді ату үшін Урал мотоциклін пайдаланған. Олар жануарларды атып алып, етін Шалқар қаласының тұрғындарына сатпақ болған. Барлығы 11 ақбөкенді заңсыз аулап, бір киіктің етін 35 мың теңгеден сатқан. Ақбөкендерді заңсыз аулау және жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қостанай облысында ер адам ақбөкеннің ұшасын сатқаны үшін сотталғанын еске саламыз. Сотқа дейінгі тергеу барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196260-aqtobe-oblysynda-kiik-etin-35-myng-tenggeden-satqan/