Шымкент тұрғыны ұрланған телефонын қайтарып беруге көмектескен полицейге алғыс айтты
Жарияланған күні:
Шымкент тұрғыны ұрланған телефонын қайтарып беруге көмектескен полиция қызметкеріне алғыс айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны полицияға ұялы телефонын ұрлап кеткен белгісіз азамат туралы арызданған. Ол шағымында әлдекімнің Hyper House сауда орталығында құны 200 мың теңге тұратын телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге Тұран ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде ұрланған зат иесіне қайтарылды..
Тұрғын өз кезегінде Тұран ауданы полиция басқармасының басшылығы мен Анықтау бөлімінің анықтаушысы аға лейтенанты Бауыржан Асқаровтың қызмет барысындағы жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196281-shymkent-turgyny-urlangan-telefonyn-qaitaryp-beruge-komektesken-politseige-algys-aitty/