Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

FlyArystan әуекомпаниясында қаражат ұрланғаны мәлім болды

Жарияланған күні:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

FlyArystan-да қаражат ұрлау фактілері анықталып, әуекомпания өкілдері тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторларға жүгінген. Бұл туралы компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл ақпарат Air Astana әуекомпаниясының Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"FlyArystan әуекомпаниясының басшылығы қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінді.

Тергеу нәтижелері бойынша ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты әуекомпания кінәлі адамдарды анықтау және материалдық залалды өтеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді", - делінген хабарламада.

Компания бұл соманы 9 айдағы қаржылық есептілікте толық ескерген. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпараттар жария етiлген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Азаматтық авиация комитеті өкілдері Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты мәлімдеме жасап, әуекомпаниялар тексерілетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196296-flyarystan-auekompaniiasynda-qarazhat-urlangany-malim-boldy/