Депутат жаңа жылдан кейін Қазақстанда азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомДепутат Әлібек Нәутиев сенатта қазақстандықтар табысының қанша бөлігін азық-түлікке жұмсайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Сары май және өсімдік майы, ірімшік, сүзбе, шұжық, қант, көкөніс және ет консервілері сияқты өнімдерге импортқа тәуелділік сақталып отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазақстандықтар табысының 51,7 пайызын азық-түлікке жұмсайды", - деді ол.
Бұл ретте ол кеше Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің бюджетті нақтылау кезінде қараша айында азық-түлік бағасы 5,4 пайызға қымбаттағанын айтқанын атап өтті.
"Қазір доллардың нығаюына байланысты азық-түлік бағасы күн сайын қымбаттап жатыр.
Жаңа жылдан кейін жанар-жағармай құны қайта қаралады, бұл алдағы уақытта азық-түлік бағасының өсуіне әкелуі мүмкін", - деп түйіндеді сөзін сенатор.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2197196-deputat-zhanga-zhyldan-keiin-qazaqstanda-azyq-tulik-qymbattauy-mumkin-ekenin-aitty/