Мәдениет басқармасы экс-басшысы Мажағұлов ісі: жаңа мәліметтер анықталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Сот кеңсесіндегі ақпаратқа сәйкес, 1 қарашада Мажағұлов Болат Бауыржанұлы мен Қанапин Мәди Серікұлына қатысты алғашқы сот отырысы болды.
Болат Мажағұлов пен Қанапиннің үстінен қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айып тағылды.
Nege порталының мәліметінше, Мажағұловтың қорғаушысы бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу туралы міндеттемеге ауыстыруды сұрады. Прокурор мен басқа сотталушының адвокаты өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
Сонымен қатар Болат Мажағұлов тергеу барысында қашуға әрекеттенген, беттестіруге келмеген, шетелге ұшып кететін билеттері болған.
Айыптау қорытындысы жарияланғаннан кейін Мажағұлов та, Қанапин де өз кінәсін мойындамады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198178-madeniet-basqarmasy-eks-basshysy-mazhagulov-isi-zhanga-malimetter-anyqtaldy/