Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм Шерзат Болаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Қаржаубай Нұрымов
Қаржаубай Нұрымов. Видеодан кадр: youtube.com/@etokzdetka

Биыл қазанның басында Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Нұрымовтың адвокаты Асқар Қаймақов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Адвокат мәліметінше, полиция бүгін Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғаған.

"Бүгін полиция Қаржаубай Нұрымовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы негізінде (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады", - деп жазды адвокат Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған қатысты Алматы облысы полиция департаменті өкілдері Telegram-дағы арнасында ақпарат таратып, қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді. 10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында болған құқыққа қарсы іс-қимыл салдарынан автокөлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жазаның бұлтартпаушылығы және заң мен тәртіпті сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, полиция құқықбұзушылықтардың барлық фактісін, оларды кім жасағанына қарамастан, елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі болатын бейтарап тергеуге міндетті екенін хабарлаймыз", - делінген хабарда.

Қылмыстық кодекстің 202-бабы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында, 10 желтоқсанда, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен әкімшілік іс қозғалып, Еңбекшіқазақ аудандық соты оны 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2199444-marqum-sherzat-bolattyng-akesining-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/