Неліктен марқұм Шерзат Болаттың отбасына өртенген үйдің орнына жаңа үй берілмеген
Жарияланған күні:
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі марқұм Шерзат Болаттың әкесінің олардың өртеніп кеткен баспанасының орнына жаңа үй берілмегені туралы сөзіне пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Әкімдіктің жұмысы – адамдарды, соның ішінде демеушілерді, меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастыру. Бұл істің алғашқы күндерінен бастап көмек көрсетілді және көрсетіліп келеді – материалдық және материалдық емес көмек.
Үйге келетін болсақ, біз өз көмегімізді ұсындық. Бiздiң тарапымыздан үй салуға көмектесуге дайын қайырымды жандар бар. Енді қожайындардың өздері мақұлдау керек. Кішкене жағдай тынышталғанда біз қысқы кезеңдегі құрылысқа қатысты сәулеттік жоспарлау және басқа да құжаттарды келісу туралы ұсыныс жасадық.
Тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты – үй өртенгеннен кейін бұл мәселе көтерілді, біз көмек ұсындық, бірақ олар сол ауылдағы ата-анасының үйінде туған-туысымен бірге тұратынын айтты", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2200214-nelikten-marqum-sherzat-bolattyng-otbasyna-ortengen-uiding-ornyna-zhanga-ui-berilmegen/