Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының әкімі рейдерлік және заңбұзушылық фактілері болса хабарлауды сұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиевке жергілікті тұрғындар өңірдегі бизнесті рейдерлік жолмен басып алу туралы сұрақ қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Талғар – ең серпінді дамып келе жатқан өңір, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес те өсіп, соңғы үш жылда тек салықтар мен кірістер бойынша өсті. Бұл бизнесті жүргізуге жағдай жасалғанын білдіреді.

Бірақ егер кейбір сіздің оқырмандар шағымданса, егер біреудің жұмыс істеуіне рұқсат бермей жатса, тіпті әкімшілік кедергілер болып жатса, сіз тікелей хабарлай аласыз. Біз бұл фактіні қадағалаймыз", - деп жауап берді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Әкімге облыста рейдерлік әрекеттің барын мойындайсыз ба деген сұрақ қойылды.

"Тікелей рейдерлік, біреуден бірдеңе тартып алу сияқты оқиғалар тікелей менің тәжірибемде болған жоқ. Егер мұндай жағдай болса, біз дереу әрекет етеміз", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, 13 желтоқсанда өткен жыл қорытындысына арналған брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы жағдайға байланысты отставкаға кету туралы пікірін айтты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев брифингте Талғардағы қылмыстық топ бар ма деген сұраққа жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2200295-almaty-oblysynyng-akimi-reiderlik-zhane-zangbuzushylyq-faktileri-bolsa-habarlaudy-surady/