Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шортан, алабұға, мөңке және қарабалық: Қарағанды облысында көліктен 473 кг балық тәркіленді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тәркіленген балықтар
Тәркіленген балықтар. Фото: ІІМ

Қарағанды облысында жалпы салмағы 473 кг болатын балықты заңсыз тасымалдады деген күдікті азамат ұсталды. Шығын көлемі 3 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталынддағы мәлімет бойынша табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Абай ауданында жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде ауыр жүк тиелген көлікті байқады. Көлікті 39 жастағы ер адам тізгіндеген.

Полицейлер көлікті тексеру барысында түрлі балықтар: шортан, алабұға, мөңке және қарабалық салынған 19 қап тәркіледі. Жүктің жалпы салмағы 473 кг болды. Табиғатқа келтірілген шығын 3 миллион теңгеден асады.

Ведомствода бұл факті бойынша балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201619-shortan-alabuga-mongke-zhane-qarabalyq-qaragandy-oblysynda-kolikten-473-kg-balyq-tarkilendi-video/