Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құзыретін асыра пайдаланады": Қазақстанда жеке сот орындаушыларға тыйым салу ұсынылды

Жарияланған күні:

Сот орындаушысы
Сот орындаушысы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда бір топ адам жекеменшік сот орындаушыларының жұмысына тыйым салуды ұсынды. E-Petition.kz сайтында осындай петиция жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сайтта жарияланған петицияда Қазақстанда жекеменшік сот орындаушылары (ЖСО) институтына тыйым салу жөнінде ұсыныс айтылған. Петиция авторы – "Қазақстан ер азаматтар альянсы", ал қабылдап алушы – Қазақстан әділет министрлігі.

Петиция авторлары "жекеменшік сот орындаушыларының адал қызметіне күмән келтірген".

"ЖСО-ның коммерциялық мүддесі әділет негіздеріне нұқсан келтіреді. ЖСО табыс табуды ғана көздейді, соның салдарынан зейнеткерлер, мүгедектер және жағдайы жоқ басқа да азаматтардың құқықтары жиі бұзылып жатады. Жекеменшік сот орындаушылары құзыретін жиі асыра пайдаланады, сондықтан азаматтардың құқықтары бұзылып, мүлкі әділетсіз тәркіленеді", - деп жазылған петицияда.

Петицияға қол жинаушылар ЖСО жұмысындағы басты мәселелер деп мыналарды атап көрсетті: қызметке жөнді бақылау жасалмауы, мүделлер қақтығысы және институттың коммерциялануы, сонымен бірге борышкерлердің өзін қорғауға мүмкіндігі болмауы.

Құжат авторлары ЖШО институтын жойып, оның қызметтерін "жұмысы қатаң бақыланатын, коммерциялық мүддесі жоқ мемлекеттік органдарға ғана беруді" ұсынды.

Бұған қоса, сот шешімдерінің орындалуын қадағалайтын тиімді мемлекеттік жүйе дайындауды, онда борышкерлер құқығын да ескеруді ұсынып отыр.

Сонымен бірге, петиция авторлары борышкерлерге "жалғыз баспана, көлік жүргізу құқығы, аз табысы, елден шығу құқығы, әлеуметтік төлемдер" секілді түсініктерді қайтаруды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201852-quzyretin-asyra-paidalanady-qazaqstanda-zheke-sot-oryndaushylarga-tyiym-salu-usynyldy/