Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты
Жарияланған күні:
Читать на русскомПалатаның жалпы отырысында сенат депутаттары Жоғарғы сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевты қызметінен босатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жоғарғы палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, президенттің Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босату туралы ұсынысы сенатқа жіберілген.
Бұл мәселе бойынша Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов сөз сөйледі. Ол Ералиева Ботагөз мен Нұрышев Қамбарды Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс олардың отставкаға кетуіне байланысты түскенін атап өтті.
"Екеуі де зейнеткерлік жасқа толды және тиісінше 28 және 37 жыл судьялық өтілі бар, олар судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие.
Ералиева мен Нұрышевтің отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз", - деді Малахов.
Сенат мемлекет басшысының ұсынысын қолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202153-senat-zhogargy-sottyng-eki-sudiasyn-qyzmetinen-bosatty/