Демалыс күндері Қазақстанда қалың қар жауып, көктайғақ болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомМамандардың болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болатынын айтты.
Елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
Республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202795-demalys-kunderi-qazaqstanda-qalyng-qar-zhauyp-koktaigaq-bolady/