Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңажылдық отшашу ату кезінде ереже бұзғандар қанша айыппұл арқалайды

Жарияланған күні:

Отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда отшашу үшін жауапкершілік қарастырылған, бірақ жаза тәртіп бұзылған уақытта ғана қолданылады. Мереке күндері айыппұл алып қалмау үшін қандай ережелерді сақтау керектігін KAZ.NUR.KZ тілшілері анықтап білді.

Жаңа жылды отшашусыз елестету мүмкін емес – көптеген қазақстандық пиротехниканы алдын ала сатып алып, оны мереке түні тұтатады.

Соған байланысты полиция мен төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері Алматыдағы брифингте отшашуды қолдану ережелері мен оны бұзғандарға қандай шара қолданатанынын түсіндірді.

Қазақсандықтар білуге тиіс ең басты шарт – отшашуды арнайы белгіленген жерлерде ғана атуға болады. Арнайы белгіленген жерлер деп тұрғын үйлерден кем дегенде елу метр қашықта орналасқан бос алаң деп түсінген абзал. Бұған қоса, ол жерде ағаштар, электр желілері және от тиіп кетуі мүмкін басқа да кедергілер болмауы керек.

Айта кетерлік жайт, Әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес, пиротехниканы рұқсат етілмеген жерлерде атып, адамдардың мазасын қашырғандар, алайда орасан зор залал тигізбегендер 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 73 840 теңге немесе 2025 жылы 78 640 теңге айыппұл төлейді. Отшашудың бәрі тәркіленеді.

16 жасқа толмаған балалар пиротехника атып жүрген уақытта ұсталса, оларға ескерту жасалып, ата-анасына айыппұл салынуы мүмкін.

Брифинг өткізген қызметкерлер петард атқан уақытта қауіпсіздік техникасын естен шығармауды ескертті. Олар:

  • Отшашуды терезеден атуға;
  • Пиротехниканы балаларға тұтатқызуға;
  • Жел соғып тұрған уақытта отшашу атуға;
  • Атылмай қалған пиротехниканы қайта тұтатуға талпынуға;
  • Пиротехниканы ғимараттарға қарай бағыттауға болмайды.

Сонымен бірге қазақстандықтардың пиротехника таңдаған уақытта сақ болғаны жөн. Әуелі сатушыдан тауардың куәлігі мен оны сатуға рұқсат қағазын тексеру керек.

Бұған қоса, тауар мерзімін, қораптың дұрыс сақталғанын тексеріп алған жөн. Пиротехниканы арнайы дүкеннен алу керек.

Арнайы құжатсыз пиротехника сатқандарға 25 АЕК көлемінде, яғни 92 300 теңге немесе 2025 жылы 98 300 теңге айыппұл салынады.

Барлық ереже сақталғанына көз жеткізген уақытта ғана қазақстандықтар отшадуды Жаңа жыл түні ешқандай айыппұлдан қорықпастан, еркін ата алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202879-qazaqstanda-zhangazhyldyq-otshashuga-tyiym-salyngan-ba-erezhe-buzgandar-qansha-aiyppul-arqalaidy/