Астанада жаңа жылға арналған отшашу бола ма: елорда әкімі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада 31 желтоқсанда жаңа жылдық отшашу жоспарланғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"31 желтоқсанға отшашу болады деп жоспарланған. Күні кеше ғана қалада шыршалар жағылды, 30-дан астам қоғамдық орындар жаңа жылдық мерекелерге дайындалды. Қала жаңа жылдық мерекелерге дайын. Отшашу болады", - деді әкім.
Айта кетейік, 18 желтоқсанда елордада жаңажылдық шыршалар шамын жағу рәсімі өткен болатын. Мерекелік жиынға қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
Сонымен қатар Қазақстанда отшашу үшін жауапкершілік қарастырылған, бірақ жаза тәртіп бұзылған уақытта ғана қолданылады. Мереке күндері айыппұл алып қалмау үшін қандай ережелерді сақтау керек, айыппұл мөлшері қандай екенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202972-astanada-zhanga-zhylga-arnalgan-otshashu-bola-ma-elorda-akimi-zhauap-berdi/