Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтау-Алматы" рейсінің жолаушысы бортта кәмелетке толмаған қызға харассмент жасалғанын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ борты
Көрнекі фото: pixabay.com

"Ақтау-Алматы" рейсінің жолаушысы мас күйдегі ер адам ұшаққа жалғыз отырған кәмелетке толмаған қызды шошытып, оған харассмент жасағанын желіде жариялады. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

"Ақтау-Алматы" рейсінің жолаушысы Threads әлеуметтік желісінде 21 желтоқсанда кәмелетке толмаған қызға харассмент жасалғанын айтты.

Оның айтуынша, ұшақта ер адам үлкендерсіз жалғыз ұшып бара жатқан кәмелетке толмаған қызға жақындап, оған тиісуге әрекет жасаған.

Автордың айтуынша, ұшақ көтеріліп, борт ішіндегі жарық сөнген кезде кәмелетке толмаған жолаушы қыздың қасына мас адам отырды.

"Ұшу басталғанда жарық өшірілді, ол терезеден көріністі суретке түсіріп алсын деп, телефонды қызға берді. Кейін қыз видеоға түсіріп жатқанда, оған жақындап, қолынан ұстап оның атын, жасын сұрады. Әдемі екенін айтып, оның денесін сипай бастады. Қыз "маған тиіспе" деді. Сол кезде жарық жанды. 10 минуттан кейін бортсерік кіріп, қыздың жылап жатқанын көріп, оның себебін білді. Кейін қызды менің қасыма отырғызды.

Біз оны тыныштандырдық, қыздың қасында отырдым. Ер адам ұйықтап қалған. Ал артта отырған жолаушылар болған оқиғаның куәгері болуға келісті. Ұшақтан түскен бойда қыз ата-анасына, ал ер адамды полицейлерге тапсырылды", — деп жазды қазақстандық әйел.

Сонымен бірге көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзушыны полиция бөлімшеге жеткізгенін және алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады ( ҚР ӘҚБтК 440-бабы). Жаза 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырады.

"Тексеру нәтижелері бойынша заңсыз әрекеттердің басқа фактілері анықталған жоқ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203533-aqtau-almaty-reisining-zholaushysy-bortta-kameletke-tolmagan-qyzga-harassment-zhasalganyn-aitty/