Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қайрат Оразбаев
Қайрат Оразбаев. Фото: Ақ Жайық басылымы

Бүгін Атырау қалалық №2 соты жер учаскелерін заңсыз бөлу фактісі бойынша айыпталған бұрынғы қала әкімі Қайрат Оразбаев пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлайды.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Қайрат Оразбаевты сот Қылмыстық кодекстің 361 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

Оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Экс-шенеунік мемлекеттік награда мен "Құрмет" орденінен айырылды. Үйқамақта отыру жазасы алынды.

Қайрат Уразбаев сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Еске салайық, былтырғы қарашада Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Кейін Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан босатылды. Бұған дейін ол үйқамақта отырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205033-atyraudyng-eks-akimi-qairat-orazbaevqa-sot-ukimi-shyqty/