Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мегаполистерінің бірі 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық жерлер тізіміне енді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: Taylor Weidman/Bloomberg via Getty Images

Алматы қаласы 2025 жылы баруға тұрарлық жерлер тізіміне енді. Бұл тізімде барлығы 25 бағыт бар, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, әр жердің ер ерекшелігі бар. CNN редакторларының пікірінше, 2025 жылы баруға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жасады. Бұл тізімді Алматы қаласы бастады.

"Орталық Азияның керемет пейзаждары мен бірегей урбанистік орталықтары ерекше тартымды. Бұл орайда Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы көш бастап тұр.

Бұл – шынымен де барлығы бар ерекше қалалардың бірі. Қалак еремет тағамдарымен, әдемі түнгі көрінісімен, қарқынды дамып келе жатқан мәдени және өнер ордаларымен әдемі. Сонымен қатар Тянь-Шань етегінде орналасқандықтан табиғатаның өзі пейзаж секілді", - делінген материалда.

Материалда Алматы метро станциялары, әлемдік деңгейдегі музейлерді, оның ішінде 20 мыңнан астам өнер туындысы орналасқан Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайын толықтыратын тамаша дүние екені атап өтілген.

Мақала авторы Алматыға жету де аса қиын емес екенін жеткізді. Оған Еуропадан, Азиядан және Таяу Шығыстан тікелей рейстер арқылы жетуге болады. Сондай-ақ Қазақстан көптеген елдердің, соның ішінде АҚШ, Канада, Австралия және Ұлыбританияның азаматтарына визасыз кіруді ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207558-qazaqstannyng-megapolisterining-biri-2025-zhyly-baruga-turarlyq-zherler-tizimine-endi/