Қар, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанның аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын жауып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ертең, 3 қаңтарда Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
3 қаңтарда Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі. Қостанай облысында түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20 м/с., түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Өскеменде ертең таңертең және кешке қарлы боран соғады.
Семейде 3 қаңтарда күндіз қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады.
3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын болып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Ертең Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207609-qar-zhangbyr-koktaigaq-qazaqstannyng-birqatar-aimagynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/