Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандықтардың денсаулығында өзгеріс анықталған жоқ": Дүйсенова уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Уақыт белдеуі
Уақыт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Министрлер кабинетінде өткен брифингте вице-премьер Тамара Дүйсеноваға Қазақстандағы уақыт белдеуі ауысуының денсаулыққа әсері туралы зерттеу неліктен бұған дейін жүргізілмегені жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біріншіден, уәкілетті орган 2004 жылы жүргізілген зерттеулерді басшылыққа алғанын айтқым келеді. Одан кейін қысқы уақыт және жазғы уақытқа көшу бойынша зерттеу жүргізіліп, нақты ұсыныстар берілді.

Екіншіден, сіз бен біз қоғамда бұл мәселені өте ұзақ талқылағанда, уақыт ауысқаннан бері мен Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігіне сұрақ қойдым: қандай өзгерістер бар, денсаулыққа әсері бар ма? Бірақ мұндай ұзақ кезеңді бастан өткерген жоқпыз. Әзірге Денсаулық сақтау министрлігі уақыт белдеуін ауыстыруға байланысты азаматтардың денсаулық жағдайындағы өзгерістерді анықтаған жоқ. Мұндай ақпарат болған жоқ", - деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар вице-премьер уақыт белдеуінің өзгерісі оның жеке басына қалай әсер еткенін және Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуіне көшуіне қатысты пікір білдірді.

"Вице-премьер ретінде емес, азамат ретінде айтар болсам, бізде жұмыс кестесі болғандықтан, мен оны аса қатты сезінбедім (уақыт белдеуін өзгерту – ред. ескертпесі ) Бұл менің күнделікті жұмысыма немесе бос уақытыма әсер еткен жоқ.

Бұл да қоғамдық пікір екенін ескеріп, "неге бір белдеуге көшпейміз?" деп ойладым. Мысалы, Қытайда да бір белдеу. Жұмыс режимін ескерсек, барлық облыста бір белдеу болуы қалыпты шығар деп ойлаймын", - деді Дүйсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209395-qazaqstandyqtardyng-densaulygynda-ozgeris-anyqtalgan-zhoq-duisenova-uaqyt-beldeuine-qatysty-pikir-bildirdi/