ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігін ұстады
Жарияланған күні:
Желіде ІІМ Ақтаудағы Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"2024 жылдың 24 желтоқсанында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасының қызметкерлерін ұстады. Ұсталғандардың арасында ІІМ Батыс өңірлік Әскери тергеу басқармасының басшысы да бар", - делінген желіде тараған хабарламада.
Бұл ақпаратқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері пікір білдірді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210201-uqk-ishki-ister-ministrligining-zhogary-lauazymdy-sheneunigin-ustady/