Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойдодыр" ертегісіндегі қолтырауынның қолында Құран неғып тұр?

Жарияланған күні:

Оқушы кезімізде орыс әдебиетінен Корней Чуковскийдің "Мойдодыр" деген ертегісін сүйіп оқушы едік. Тазалыққа, ұқыпты болуға шақыратын ертегінің мультфильмін де сүйсіне көретінбіз.

Жақында Ресейдегі Ростов-на-Дону қаласының бір баспасынан осы ертегі суретті кітап боп басылып шығыпты. Алайда, көпшіліктің көзайымы болған ертегі мұсылмандардың ар-намысына тиіп, ашу-ызасын туғызды.

Сөйтсе, ертегі кітапшасындағы тазалыққа шақыратын қолтырауынның қолына суретші Құран Кәрімнің бір парағын қыстыртып қойыпты. Бұл туралы muslim.kz сайты жазды.

Суретті салған Е.А.Демиденко есімді суретші екен. Ислам.ru сайты болған жайдың мән-жайын анықтамақ болып, баспаның редакциясына хабарласыпты. Редакциядағылар: "Сіздер хабарласқанға дейін біз қолтырауын қолындағы парақтың Құран Кәрім екенін білмедік. Біз бұл суреттерді Е.А.Демиденко есімді суретшіден сатып алдық. Оның Құран парағын салып қойғанына мән бермеппіз. Оның қандай ниетпен салғанын да білмейміз. Телефонына хабарлассақ, жауап бермейді", - деп жауап беріпті.

Редакция өз тарапынан кешірім сұраған, десек те бұл суретке суретші жауап беруі керек деп есептейді.

Жалпы, суретші Құранды қолтырауынның қолына қандай ниетпен, не мақсатпен ұстатты? Бұл жерде суретшінің "білмей қалыппын, байқамай қалыппын" деген сылтауына енді ешкім де сенбейтін секілді.

Мұндай құбылысты бұған дейін тек батыстан естуші едік. Ал енді көршіміз Ресейге де жетуі жақсылықтың нышаны емес. Сондықтан да, мұндай әрекеттерге тиісті жазасы берілуі керек.

Ресей Думасында бірінші және екінші оқылымнан өткен сенім иелерінің ар-намысына тиісіп, нанымын кемсіткендерді жазалау туралы заң қабылданатын болса, Е.А.Демиденкоға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/265085-mojdodyr-ertegisindegi-koltyrauynnyn-kolynda-kyran-negyp-tyr/