Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы бір Арбат пайда болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Алматыда қала тұрғындарының жиі баратын жеріне айналған тағы бір Арбат пайда болуы мүмкін. Бұл туралы сәулет басқармасындағылар хабардар етті.

Олар ескі келбеттегі Алматыны жандандыру жолында биылдан бастап, бұрыңғы үлгідегі балабақшалар мен мектептердің бой көтеретінін жеткізді. Көпшілік қауымды заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттарға қарағанда, ескінің иісі аңқып тұратын құрылыстар қызықтырып жатады.

Сондай бұрыннан қалған талай ғимарат кезінде көзден ғайып болып, сүріліп кетті. Енді міне, қала әкімшілігі ескі үлгідегі сәулетті қайта жандандыруды қолға алуды жөн санады.

Осы мақсатта әкімдік қаладағы бүтіндей бір көшені көненің көзі болатындай етіп салып шықпақшы. Сәулетшілер жобаны сызып шықты.

"Жоспарымыз бойынша, ескі үлгідегі үйлерді ғана емес, аумақта көлік тұрағын салуда ойда бар. Біздің жобамызға сәйкес, өзімізде бар Арбатқа ұқсайтын тағы бір сондай жер салып шығу. Тіпті оданда асып түсер деген ойдамыз", - деді Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу.

Бұдан бөлек сәулетшілер 60-шы жылдардағы үлгімен, 18 балабақша мен 1 мектептің құрылысын биыл-ақ бастап кететіндерін айтады. Ол үшін қазірден бастап, жер телімдері де бөлініп жатыр екен.

"2020 жылға дейін, 26 гектар жерге 29 балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жеті орта мектеп салынбақ", - деді жоба жетекшісі Асқар Мапаев.

Осылайша небәрі алты жыл ішінде, Алматы көнені еске салатын кейіпке енуі мүмкін. Жоба сәтті шығу үшін кәрі құрлықтан даңқты дат архитекторы Ян Гейлдің өзі келіп, ақылын бермекші. Оның үстіне, жобаға кететін шығын инвестиция ретінде шет елден тартылады.

Қазақ тіліндегі басқа да ел және әлем жаңалықтарын оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/310214-almatyda-tagy-bir-arbat-pajda-boluy-mymkin/