Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге танымал қазақ қыздарының тізімі жасалды (фото)

Опубликовано:

Шетелдерге танымал қазақ қыздарының тізімі жасалды. Бұл туралы ztb.kz сайты хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Бұл арулар лауазымды қызметкерлер, олардың меншігінде ірі жобалар бар және олар әлемнің ең танымал сахналарында өнер көрсетеді.

Олар әдемі әрі бай ғана емес, олар әлемді өздерінің талантымен, іскерлігімен мойындата білген жандар. Сіздердің назарларыңызға шетелге танымал болған қазақ қыздарының тізімін ұсынамыз.

Гога Ашкенази (Гаухар Беркәлиева). Әлемдегі ең бақуатты әйелдердің бірі, Vionnet/Paris сән үйінің иегері Гаухар Тараз қаласында дүниеге келген. Оның әкесі инженер болған.

Гаухадың айтуынша, оның туған қаласында өткен балалық шағы қызықсыз болған. Ал анасы оны Мәскеуге алып кеткенде бәрі де күрт өзгеріпті. Гаухарды 13 жасында жабық ағылшын мектебіне оқуға жібереді. Мектепті аяқтаған соң, ерекше білімділігімен көзге түскен ол Оксфорд университетінің экономика-тарихи факультетінің студенті атанды.

Гога студент атана жүріп, Американың оңтүстігіндегі бес жұлдызды қонаүйдің иегері, миллионер Стефан Ашкеназимен танысады. Кейін екеуі шаңырақ көтергенімен, екеуінің махаббаты ұзаққа созылған жоқ.

Сәтті мансап Гаухарды ресейлік және британиялық баспасөздің жұлдызына айналдырды. Бүгінде Гога Лондон, Париж, Нью-Йорк, Милан секілді әлемнің ірі қалаларында өмір сүреді.

Оның байлығының басым бөлігі Қазақстаннан. Ол - қазақстандық "МұнайГазИнжиниринг Групп" мұнай-газ компаниясының бас директоры. Гаухар-Гоганы әлем киносының жұлдыздары және танымал олигархтармен жиі көреміз. Тіпті, оның айналасында корольдік әулеттің адамдары да бар.

Гүлжан Молдажанова Ресейдегі жоғары жалақы алатын 20 топ-менеджер қатарына кіреді. Гүлжанның жылдық еңбекақысы 7 млн долларды құрайды.

"Базовый элемент" корпорациясының бас директоры Олег Дерипасканың компаниясына қарапайым хатшы болып келген ол бүгінге дейін ешбір әйел қайталамаған ерлікті жасап, мансабын сәтті қалыптастыра білді.

Гүлжан Қазақ ұлттық университетін және Ресей Федерациясы билігі жанындағы қаржылық академияны тәмәмдаған. Сонымен қатар, Гүлжанда Антверпен университетінің дипломы да бар.

Американың Forbes журналы 2008 жылы әлемдегі ықпалды 100 әйелдің тізімін жасағанда, Гүлжан Молдажанова 37-і орынға тұрақтады. Батыс басылымдары оны "алюминий королі Олег Дерипасканың оң қолы" деп атайды.

Алтынай Асылмұратова Ваганов атындағы Орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі. Алматыда туылған, бүгінде Санкт-Петербург қаласында тұрады.

80-90 жылдары Мариинский атындағы опера және балет театрының прима-балеринасы атанды. Лондондағы Корольдік балетте (Ковент-Гарден) және Марсельдегі Ролан Пети труппасында билеген.

2013 жылы Санкт-Петербургтегі Михайловский театры бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды.

Роза Рымбаева - Қазақстаннның Халық әртісі,  қазақ эстрадасының әншісі (сопрано), педагог, профессор.

Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан облысы, Жалғызтөбе бекетіндегі теміржолшылар отбасында дүниеге келген. КСРО Халық әртісі (1986), Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі.

Роза Рымбаева КСРО атынан халықаралық байқауларға қатысқан тұңғыш қазақ әртісі саналады.

Наталья Орынбасарова - актриса, режиссер Егор Кончаловскийдің анасы. Мәскеуде туылған, сол жақта жұмыс істеп, өмір сүреді.

Наталья Орынбасарова хорегорафиялық училищені, содан соң ВГИК-ті тәмәмдаған. Венециядағы "Вольп алтын кубогі" кинофестивалінің бас жүлде иегері. Шыңғыс Айтматовтың "Алғашқы ұстаз" романы бойынша түсірілген фильмдегі әйел ролі үшін осы атақты иеленген.

Сәуле Рахмедова. Танымал прима-балерина және Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған сұлулық байқауының жеңімпазы. Сәуле Рахмедова Теміртау қаласында дүниеге келген. Мәскеу ұлттық театрының солисті болды.

Ұлыбритания, Жапония, Еуропв елдері мен АҚШ-та гастрольдік сапарларды болды. 1999 жылы Американың Нью Джерси қаласына кетіп, "New Jersey Ballet" ұжымында жетекші балерина атанды.

Жақында ол елге оралып, отандық өнерді дамытуға үлес қосуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/334691-elemge-tanymal-kazak-kyzdarynyn-tizimi-zhasaldy-foto/

pixel