Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көліктегі медициналық қобдишаның жаңа құрамы сатылымда жоқ

Опубликовано:

Астананың дәріханаларында көлікке арналған медициналық қобдишаның жаңа құрамы әлі жоқ. Сатылымға шыға қоймаған дәрі қобдишасын жүргізушілер қанша іздесе де таппай дал деп хабарлайды 24 kz.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, жаңа құрам алдағы екі-үш айсыз дайын болмайтын көрінеді.

Кешеден бері астаналық көлік жүргізушілер дәріханалардан медициналық қобдиша таппай сабылып жүр.

"Бұйрық күшіне енген күннен бастап көлік жүргізушілерінен сұраныс көп болды. Алайда дәл қазір дәрі қорапшасының жаңа құрамы сатылымда жоқ. Оны шағаратын Шымкенттегі зауыт жаңа қобдиша тізімін жасақтап үлгермей де жатыр. Бұрын оның құны 1200-1500 теңге шамасында болса, жаңасы 2500 теңгеге дейін бармақ", - дейді фармацевт Венера Жантаева.

Бұл медициналық қобдишаның бірінші өзгертілуі емес. Бұдан бұрынғы тізім дәрі-дәрмек саласы мамандарының талқылауына көп түскен еді.

"Автокөліктегі дәрі-дәрмектің қалай сақталатынын бақылау қиын. Себебі ондағы дәрілік заттардың көбі белгілі бір температуралық сақтауды қажет етеді. Сондықтан да бұл жолғы медициналық қобдишада дәрілік заттар емес, орау-таңуға арналған құралдар енгізілді", - деп атап өтті Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі фармацевтикалық қызметті көрсету басқармасының басшысы Гауһар Райымқұлова.

Жаңа ережеге сәйкес қобдиша құрамында: Сутегі тотығының 3% ерітіндісі, зарарсыздандырылған дәке, медициналық сулықтар, таңу пакеті, медициналық гигроскопиялық мақта, қан тоқтататын резеңке, медициналық жапсырма эластикалық түтікшелі бинт және, медициналық қолғаптар мен, ұшы доғал қайшы болу керек.

Бұл жиынтық туралы бұйрық 11 қаңтардан бастап қабылданды. Сондықтан өндірушілер медициналық қобдиша құрамын енді ғана шығара бастайды. Оған шамамен екі-үш ай уақыт қажет

"Бұл жиынтық туралы бұйрық 11 қаңтардан бастап қабылданды. Сондықтан өндірушілер медициналық қобдиша құрамын енді ғана шығара бастайды. Оған шамамен екі-үш ай уақыт қажет", - деп отыр Гауһар Райымқұлова.

Сондай-ақ көліктің дәрілік қобдишасына қажетті жаңа құрамды жеке сатып алуға болады. Тек ол медициналық өнімдер тіркелген болуы шарт. Ал оның құрамын әзірге ешкім тәптіштеп тексермейді.

Жаңа медициналық қобдишаның құрамында дәрілік заттар атымен жоқ. Себебі мамандар дәрі-дәрмекті автокөлікте сақтау мүмкін емес деп отыр. Әрі бұрынғы құрамдағы дәрілерді дәрігердің кеңесінсіз алу мүмкін болмайтын.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтардан бастап медициналық қобдишаның жаңа құрамы туралы бұйрық өз күшіне енген болатын.

Еліміздегі және әлемдегі басқа да жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349330-koliktegi-mediczinalyk-kobdishanyn-zhana-kyramy-satylymda-zhok/

pixel