Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да мектеп жасында жүкті болып қалатын оқушы қыздар көбейген

Опубликовано:

Жасөспірім қыздар арасында ерте жастағы жүктілік белең алып барады. Мектеп партасында отырып, екіқабат болатын оқушы қыздардың саны жаға ұстатады деп хабарлайды Отырар арнасы.

Өңірде жыл басынан бері жеті оқушы жүкті болған. Осыны ескерген қалалық білім беру бөлімі тәрбиені қатаңдатып, ата-ана жауапкершілігін арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастыруда.

Шымкенттегі №24 мектеп базасында "Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы" атты семинар өтті. Шараға барлық мектептерден оқушы қыздар және олардың ата-анасы қатыстырылды.

Облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының мамандары келіп, кеңестерін берді. Заманауи қыздың бүгінгі бейнесін жасөспірімдер өздері талқылады. Бағасын берді. Бірі еркіндікті жақтаса, енді бірі тыйым болу керек дейді. Сонда ғана келеңсіз жәйттердің алдын-алуға болады деді.

Қазақ қызының тәрбиесі сөз болған жиынға жиналғандар түрлі тақырыпта сыр шертті. Оғаш қылық үшін қыздарды сөккендер де болды. Қыз баласы — ертеңгі ана, ұрпақ тәрбиелеуші әже. Сондықтан қыз тәрбиесін қатаңдату керек дейді үлкендер. 

"Қыз баласы — ертеңгі ана. Ұрпақты тәрбиелейді. Жат қылықтан аулақ болуы керек. Бірақ, тыңдайтын құлақ аз. Егер отбасына ата-ана бала шағасын қатаң қадағаласа, мұндай келеңсіздіктер орын алмайтын еді. Оларды да кінәлаудан аулақпын, олар да бала-шаға қамы деп жүр. Көйлегі көк болсын, тамағы тоқ болсын деп, таңертеңнен кешке дейін жұмыс жасайды. Ал үйінде қалған қыз баласының шектен шығып жатқанын кеш байқайды", - дейді  облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуар Бейсе.

Дегенмен қазақ қызының болашағы, тәрбиесі талқыланған жиынға селқос қарағандар да көп болды. Алдыңғы толқын ағалары мен еңбегі сіңген педагог мамандарды тыңдап, үлгі-өнеге алудың орнына, ұялы телефонын шұқылап, есінеп, ойнап-күліп отырғандары да болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/355240-oko-da-mektep-zhasynda-zhykti-bolyp-kalatyn-okushy-kyzdar-kobejgen/

pixel