Ақтөбелік келіншек отбасын тастап, секс-жиҺадқа аттанды
Жарияланған күні:
Екі ақтөбелік әйел секс-жиҺад жасау мақсатымен Таяу Шығысқа жол тартты деп болжануда. Екеуі де отбасылы, балалары бар. Олардың күйеулері "жихадшы жарларының" жоспарын біліп, барынша қарсы болған. Алайда әйелдері жұбайының сөзіне құлақ аспаған көрінеді.
Бұл туралы "Времяға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
38 жастағы Оңғар Файзуллаев (аты-жөні оның өтінішімен өзгертілді) жарының қайда екенінен бір жыл бойы бейхабар келеді. Әйелі Оңғарды үш баласымен жалғыз тастап, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған. Тіпті қоштасу хатын да қалдырмаған әйел, сол беті байланысқа шықпаған екен.
Оңғар бес уақыт намазын оқып, ораза ұстап жүрген үлгілі отбасы болғандарын айтуда. Ол әйелінің секс-жиҺадқа өткен жылдың көктемінде қатты қызығушылық танытып жүргенін байқаған.
"Мен тым жұмсақ болдым. Оған теледидар қарап, интернетке кіруге рұқсат беретінмін. Оның мұсылман қаумыдарына тіркелгенінде тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Ең бастысы хабардар болып жүргенім жеткілікті көрінетін", - дейді Оңғар.
Оңғардың әйелі Индираның жоғалып кетпес бұрын псевдошейхтармен бірнеше ай бойы хат алмасқаны белгілі болды. Белгісіз біреулер оған секс-жихад туралы айтып, өз көзқарастарын таңған. Әр әңгіме барысында жалған сүрелерге сілтеме жіберіп, ешкімді тыңдамай сөздеріне еруге әйелді шебер көндірген.
"Ол тым аңғал болатын. Өз балалары мен күйеуін ұмытардай оның қаншалықты миын улаған?", – деп назын білдірді Файзуллаев.
Ер кісінің сөзіне сенсек, ол бұл мәселесімен арнайы қызметке жүгінген. Сол жерде тағы бір әйелдің тура сондай жағдайға тап болғанын естіпті. Ақтөбелік әйел кішкентай нәрестесі мен күйеуін тастап, кетіп қалған екен. Арызданушы әйелінің кетпес бұрын одан секс-жиҺад туралы сұрағанын алға тартқан.
Дегенмен Ақтөбе облысы ҰҚК департаменті бұл ақпарат туралы түсініктеме бермеді. Олар жүгінгендер болғанын растағанымен, әйелдердің Сирияға кеткені туралы ақпар бермеді. Ақтөбеліктер Таяу Шығысқа діни білім алу мақсатымен кетуі мүмкін деген де болжам бар.
Осыған орай тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/813930-aqtobede-ayel-seks-zhikhad-zhasau-ushin-ku/