Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар Абылай ханды у беріп өлтіргені туралы мәлімдеді

Жарияланған күні:

Тарихшылар Абылай ханның тарих сахнасында жүріп өткен жолын өз еңбектерінде нақтылай түсті. Зерттеу барысында олар хан Абылайдың қайтыс болған уақытын анықтай түспек.

Бұл туралы  АlmatyNews тілшісіне тарих ғылымдарының докторы Хазіретәлі Тұрсын мәлімдеді.

«Абылай ханның өмірден өткені әдебиет төңірегінде әр түрлі қарастырылып жүр. Левшин 1832 жылы өзінің кітабында «Абылай хан 1781 жылы Ресей шекарасына келе жатқан жолда 70 жасында қайтыс болды», - деп жазса,  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Абылайдың нақты қай жылы кеткені белгісіз. Зерттеулерге сүйенсек, 1788 жылдар болуы мүмкін», -деп болжам жасайды. Бүгінде оқулықтарда, Абылай хан 1711 жылы дүниеге келіп, 1781 жылы дүние салды деп көрсетіледі» - деді профессор.

Зерттеушілердің тынымсыз ізденісінің арқасында біраз тың мәліметтер тарих қойнауынан суырылып шықты. Сонымен қатар, жаңа құжаттарда Абылай ханның дүние салғандығы жөніндегі материалдар ғылыми айналымға енді.

«Нақтырақ айтқанда, генерал – майор Н. Огарев Сыртқы істер коллегиясына 1781 жылы 22 сәуірде жазған рапортында «Абылай хан өткен жылдың күзінде Түркістан қаласында жерленді», - деп көрсетіледі. Сондай-ақ Ресей мұрағаттарына Абылай хан туралы деректер 1781 жылдың ақпан айында келе бастады. Ал ташкенттіктердің зерттеуінше, Абылай ханды у беріп өлтірген деген деректер де бар. Тарихшылар Абылай 1781 жылы өмірден өтті, оның мұрагері Уәлидің әкесі 69 жаста қайтыс болды деп санап, 1780 жылдан 69 жасты шегерген. Осыдан барып Абылай ханның 1711 жылы туылғандығы анықталып шығады» - деді Хазіретәлі Тұрсын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/833517-tashkenttik-ghalymdar-abylay-khandy-u/