Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 жастағы қазақ баласы Абу-Дабиде өткен сайыста Әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Кеше Біріккен Араб Әмірлігіндегі Абу Даби қаласында өткен Бразилиялық Джиу-джитсудан Әлем Біріншілігінде 11 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы Шерхан Есенкелдин әлем чемпионы атағын жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы редакциямызға хабарласқан Шерханның әкесі Жеңіс Бекмағанбетов хабарласып, сүйінші сұрады.

"Ұлым әлем чемпионы атанды!", - деген ол өзінің қуанышын жасырмады.

"Мен балам екеуміз 2 жыл бұрын Бразилиялық джиу-джитсу спортына қатысуды бірге бастағанбыз. Мен өзім бұған дейін бала кезімде грек-рим куресімен айналысқанмын.

Сол кезде қанша ұтып жүрсең де, шет елге шығуға қаржылай мүмкіндік болмайтын. Баламның күреске деген икемі мен талпынысын көріп, жаттығудан қалдырмастан, әрі қарай дамытуды мақсат еттім. Абу-Дабиге кетіп бара жатып: "Көке, Қазақстанда менің салмағымда лайықты қарсылас жоқ, не болса да чемпион болуым керек", - деді.

Баламның спорттық мінезінің болғанына Аллаға сансыз шүкір! Қуанышымда шек жоқ. Уайымдап, қолдаған жақындарымызға алғысым шексіз", - деді ол.

Шерхан Ақтөбе қаласындағы №18 мектептің 5-сынып оқушысы. Әлем біріншілігінде ол 27 келі салмақта ресейлік жас спортшы Шамиль Дадаевпен жекпе-жекке шыққан.

Аталған Әлем біріншілігі сәуірдің 18-сі күні аяқталады. Шерханды бұл сайысқа дайындаған жаттықтырушысы - Кажеков Нартай, ал бас жаттықтырушысы -  Әшім Қали.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Оралда әріптесін ұрып өлтірген шенеунік сотталып кетті

Тікелей эфирге шыққан блогердің жанына метеорит құлап түсті (видео)

Ақтөбеде "Бәйтерек" монументі тұрғызылмай жатып қирап жатыр (фото)

Жұмыс таба алмаған астаналық жігіт анасына масыл болмас үшін түрмеге отырды

Теракт құрбандарын еске алу кешінде орынсыз әзілдеген журналист масқара болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1464863-11-zhastaghy-qazaq-balasy-abu-dabide-otken/

pixel