Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швеция құрамасы мексикалықтарды ойсырата жеңіп кетті

Опубликовано:

Әлем чемпионатындағы топтық кезеңінің соңғы айналымында өзара кездескен екі құрама арасындағы ойын швециялықтардың сенімді жеңісімен аяқталды. Кездесу 3:0 есебімен аяқталған. Швеция құрамасы өз тобында бірінші орынды қанжылап, келесі кезеңге өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: UA-Football
Фото: UA-Football: UGC

Чемпионаттан ұшып кететіндер қатарына кірген швециялықтар тарихи нәтиже көрсетті. Олар өздерін ұтып кеткен Германияны артта қалдырып, тобынан келесі кезеңге бірінші орынды иеленіп шықты.

Есепті ойынның 50-ші минутында швециялық футболшы Аугустинсон ашты. Екінші голды құрама пенльтиден салған. 11 метрден қақпаға дәл тиіп Швецияны алға шығарған Гранквист болды.

Ал ойынның соңғы голын швециялыққа көмеккке келген қарсылас команданың ойыншысы Альварес салды. Мексикалық аяқдопшы өз қақпасына гол соғып жіберген.

Нәтижесінде, бұл топтан бірінші болып Швеция шықса, екінші орында Мексика құрамасы. Ал өзара тартысты ойын көрсеткен Германия мен Оңтүстік Корея әлем чемпионатымен қош айтысып, үйлеріне қайтатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739476-svecia-kramasy-meksikalyktardy-ojsyrata-zeip-ketti/

pixel