Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Месут Озил өзіне ызаланған жанкүйерімен футбол алаңында жаға жыртысты

Опубликовано:

Футболдан Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Озил әлем чемпионатындағы матчтан кейін Оңтүстік Корея командасының жанкүйерімен жаға жыртысты деп хабарлайды Life.ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Озил нарвался
Озил нарвался: UGC

The Sun басылымының жазуынша, кеше Германия мен Оңтүстік Корея арасында өткен мачтағы жеңілістен кейін Озилді фанаттарының бірі балағаттап тастаған. Салдарынан қатты ашуға мінген Озил онымен жаға жыртыса жөнелген. Төбелеске Германия құрамасының өзге де ойыншылары да араласып, үлкен жанжал туындапты.

Жақын маңда тұрған стюардтар оларды тоқтатып, Озил киім ауыстыру бөлмесіне кетіп тынған.

Еске салсақ, кеше Германия Оңтүстік Кореяның футболшыларынан 0:2 есебімен ұтылып, олар әлем чемпионатындағы ойынын жалғастыру мүмкіндігінен біржолата айырылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739501-jgili-mesut-ozil-zine-yzalangan-zankjerimen-futbol-alaynda-zaga-zyrtysty/

pixel