ФИФА әлем чемпионатындағы ең үздік ойыншыларды анықтамақ
Опубликовано:
Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатынан кейін ФИФА әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Оның ішінде турнирдің ең үздік ойыншысы да бар. NUR.KZ порталы life.ru-ға сілтеме жасай отырып өзінің нұсқасын ұсынып отыр.

"Үздік доп" - Лука Модрич (Хорватия)

Модричті, әрине, хорват футболының таңғжайыбы деуге болады. Гризманн болса осы чемпионатта ең көп гол соққан болатын. Алайда, ФИФА номинация жеңімпазын анықтар кезде тек осы жетістіктеріне қарап бермейді. Айта кетерлігі, "Алтын допты" 1998 жылдан бастап чемпионатта жеңімпаз болмаған команда ойыншысы алып келеді.
"Алтын бутса" — Харри Кейн (Англия)

Марапатты чемпионаттың ең үздік шабуылдаушысы алатын Кейн алатын шығар. Пенальт кезінде алты доптың үшеуін бір озі соққан еді, тағы біреуін Лофтус-Чик доппен тигізерде соққан болатын.
"Алтын қолғап" — Игорь Акинфеев (Ресей)/ Даниел Субашич (Хорватия)

Алтын қолғапты Ресей қақпашысы Игорь Акинфеев не болмаса хорватиялық Даниел Субашич алады.

Ресейлік қақпашы командасының капитаны болғандықтан алуы мүмкін, ал Субашич болса финалда жеңіске жетсе, ерлік жасамақ.
Ең үздік жас ойыншы - Килиан Мбаппе (Франция)

Бұл марапат 21 жастан аспағандарға беріледі. Оны, белгілі болғандай, Килиан Мбаппе алады. Себебі оның қарсыластары да жоқ. Мбаппе Аргенинаға қарсы керемет ойын көрсетіп, 60 жылда тұңғыш рет чемпионатта дубль жасаған алғашқы жеткіншек болды.
"Марапаттарының саны көп матчтың ең үздігі" - төрт ойыншы үміткер

Мұндай атақ қазіргі таңда Лука Модрич пен Эден Азарда үшеу, ал Антуан Гризманн мен Килиан Мбаппеде екеуден.

"Fair Play Trophy" — Испания

"Әділ ойын" марапаты плей-оффке шығып, ең аз көлемде сары және қызыл карточка алған командаға беріледі. Бұл, әрине, Испания командасы болмақ. Себебі олар төрт матчтың ішінде екі-ақ қана карточка алды. Бірақ плей-офф кезеңінен айырылып қалған Сенегал құрамасы да осы марапатты алып қалуы мүмкін.
Ең көзтартарлық команда — Бельгия

Бельгиялықтар чемпионат кезінде ең көп гол соққан команда. Олар қақпаға жалпы саны 16 гол соғыпты.
Барлық жұлдыздардың командасы

ФИФА-ның соңғы марапатына ресейліктер лайық шығар. Акинфеев оның ішінде болмаса да, кем дегенде топ-11-ге Марио Фернандес кіруі керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1742293-fifa-lem-cempionatyndagy-e-zdik-ojynsylardy-anyktamak/